Сапасы

Біз тұтынушымызды тек үздік мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

Сапа мәселесі-біз үшін ең маңыздыларының бірі. Өйткені, жүргізушінің сенімін жеңу қиын және жоғалту оңай. Біз тек ең жақсы отынды жеткіземіз және оның сіздің көлігіңізге толықтай сәйкес келетініне көз жеткіземіз!

Біздің ЖҚС-дағы отын Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкес келеді. Мұнай өнімдерін үш зауыттан жеткіземіз: ресейлік “Газпром нефтехим Салават” және қазақстандық Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары.

Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету бізге АЖС-дағы жерасты резервуарларындағы отынның мөлшері мен сапасын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.