Талондар

Талондар – “НЕФТЭК”ЖШС компаниясының автожанармай құю станцияларындағы ЖЖМ үшін есеп айырысу нысандарының бірі.

“НЕФТЭК” ЖШС компаниясының талондары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және бірқатар қорғау дәрежелеріне ие: штрих-код, серия, нөмір, су белгісі. Отынға арналған әрбір талон даналап есептеуге мүмкіндік беретін бірегей штрих-кодпен жабдықталған. Талондарда отын түрі мен номиналы көрсетілген. Номинал-бұл отын талонының орнына автожанармай құю станциясынан алуға болатын бір литр отын мөлшері. Талондардың номиналы 1, 5, 10, 20, 50,100 литрге сәйкес келеді. Қолданылу мерзімі өткен талондар жарамсыз болып саналады және ЖМҚС-та қызмет көрсетуге қабылданбайды. Талондардағы жарамдылық мерзімі компанияның ресми хаты негізінде ұзартылуы мүмкін.